Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Колледж туралы

 

                                               Маңғыстау облысы тұрғындарының назарына!

 Бейнеу гуманитарлық колледжінің білім саласына қатысты сұрақтар бойынша төмендегідей байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады.

 

 Колледж басшысының  м.а Жумагулова Аккенже Байтореевна
 8(72932)2-51-05
 +7(702) 189 91 95
 

 Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары - Мектепова Лиза Ермекбаевна 

+7(701) 605 79 74

 

 Басшының оқу өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары - Әділов Серік Кәрісбайұлы
 8(72932)2-51-49
 +7(771) 812 32 83

 

 Басшының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары-Жаңбырова Гүлжамал Сұлтанқызы
 8(72932)2-51-49
 +7(705) 392 35 62

 

 Басшының ақпараттық технолгиялар жөніндегі орынбасары-Жумагулова Аккенже Байтореевна
 8(72932)2-51-05
 +7(702) 189 91 95
 

 Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Ширджанов Нурмухан Шыхбаевич
 8(72932)2-51-05
 +7777 632 91 74

 

 Бейнеу гуманитарлық колледжінің қабылдау бөлімі:
 8(72932) 2-51-06

 

 

 

 

 

Колледжімізде Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы » КММ-сімен бірлесе ұйымдастырған «Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қолданудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар өтті.


✅️ Семинардың мақсаты:
-Оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын қолдана отырып, болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін қалыптастыру жолдарын үйрету, өзара тәжірибе алмасу;
- Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың жаңа тәсілдерін тиімді қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту мүмкіндіктерін арттыру;
- Курстан өту бойынша кері байланысты ұйымдастыру.
✅️ Аталған семинарға Маңғыстау облысы білім берудің оқу- әдістемелік орталығының өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, әлеуметтік серіктестік өкілдері, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының инженер – педагогтері мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
✅️ Семинар бағдарламасына сәйкес ашылу салтанатында колледж директоры Г. Жаулы құттықтау сөз сөйлеп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Жумагулова «Академиялық дербестік негізінде кредиттік-модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу жұмыс жоспарын дайындау» тақырыбында баяндама оқыды.
✅️ Колледж оқытушылары
Б. Каракулов Дене тәрбиесі және спорт тарихы пәнінен,
Г. Тургалиева Ағылшын тілі пәнінен BOPPPS моделімен жоспарланған сабақтар өткізсе, Б. Демеуов студенті
Б. Өткелбаевпен Дене тәрбиесінен,
Б. Дәулетова әлеуметтік серіктес мекеме «Балдырған» бөбекжайында студент Ш. Бағытжановамен Worldskills стандартының тапсырмалары бойынша әзірлеген ашық сабақтарын өткізді.
✅️ Сондай-ақ оқытушылар
Н. Аюпова мен Ә. Махмутова «Сабақ құрылымы барысында сандық дидактиканы қолдану», Л. Мектепова «BOPPPS моделі бойынша сабақ жоспарын әзірлеу», А. Жумагазина мен Ғ. Жолаева «Білім алушыларды пәнге қызықтыруда LUMIO by SMART платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді.
✅️ Семинар барысында колледжде оқу жылына жоспарланған ауызша журнал шығарылымының №2 номері оқытушылар Т. Қадыр,
Э. Қосшыбекова,
Г. Жолдасбаеваның ұйымдастыруымен
Д. А. Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» тақырыбында көрерменге ұсынылды.
✅️ 1 күнге созылған семинар соңында семинар жұмысын қорытындылау, пікіралмасу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар семинар жұмысын жоғары бағалап, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы өкілдері, колледж директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Г. Жаңбырова қорытындылады.
Білім Берудің Оқу-Әдістемелік Орталығы
Бейнеу Оқу-әдістемелік-орталығы
Оқу Әдістемелік Кабинеті


Колледж жаңалықтары

"Колледж жаңалықтары"

"Мамандықтар шеруі" байқауының 2-кезеңі бойынша білім алушылар Манашы жалпы білім беретін мектеп пен Манашы бөбекжайында ашық сабақтар мен оқу іс-әрекеттерін өткізуде.
"Колледж жаңалықтары""Колледж жаңалықтары"
«Құндылыққа толы қоңырау»
Жастар ісі жөніндегі инспектор А. Оразованың ұйымдастыруымен 25.11күні «Құндылыққа толы қоңырау» жобасы аясында студенттердің сана сезімін кеңейту , ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында және үзілісте бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін 26 қараша “Дүниежүзілік ақпарат күні” орай сұрақ- жауаптар ойыны өтті.
"Колледж жаңалықтары""Колледж жаңалықтары""Колледж жаңалықтары""Колледж жаңалықтары"
Қоңырау уақытын тиімді пайдаланып , студенттерді шапшаңдыққа үйрету.
Бүгін колледждің әлеуметтік серіктес мекемесі "Манашы жалпы білім беретін мектеп" КММ-сі базасында жастарды бірлескен қоғамдық мәнге ие кәсіптік қызметке тарту, ұжымдық жауапкершілікке баулу, мұғалім мамандығының беделін арттыруды көздеген колледжішілік дәстүрлі "МАМАНДЫҚТАР ШЕРУІ-2024" байқауының ашылуы өтті.
 Байқау шарты бойынша командалар "Мамандығым-мақтанышым" бөлімі бойынша өздерін таныстырып, мамандықтарын жарнамалады.
Шараға орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері қатысты.
Колледжде оқытылып жатқан мамандықтардағы білім алушылардың тартысты байқауы келесі кезеңдерімен жалғасады.
"Колледж жаңалықтары""Колледж жаңалықтары"
"Колледж жаңалықтары""Колледж жаңалықтары"
СЕМИНАР ӨТТІ
Колледжімізде "Білім алушылардың білім беру ортасында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу" тақырыбында іс-тәжірибемен бөлісу семинары өтті. Семинарды Маңғыстау облысының білім басқармасының "Психологиялық қолдау орталығы" КМ директорының міндетін атқарушы А.Абиева, Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығының мамандары және Бейнеу аудандық жалпы білім беретін мектептердің психологтары өткізді. Семинарға қатысқан студенттер мамандар өткізген тренингтерге белсенділікпен қатысты.
"Колледж жаңалықтары"
"Колледж жаңалықтары"
ҚЫЗЫҚТЫ САБАҚ ӨТКІЗДІ
 Оқытушы А.Жумагазина «Шебер педагогтен - үздік тәжірибе» тақырыбындағы тәлімгерлер семинары аясында "Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі" біліктілігінің 2-курс тобына "Психология" пәнінен "Іс-әрекет туралы ұғым" тақырыбына ашық сабақ өтті. Студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, жас мамандарға үлгі сабақ көрсету мақсатында оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін, платформаларын қолданды.
"Колледж жаңалықтары"
"Колледж жаңалықтары"
СЕМИНАР АЯСЫНДАҒЫ САБАҚ
 Колледжде өтіп жатқан тәлімгерлер семинарында студенттерге футбол ойынының ережесі мен тәсілдерін үйрету мақсатында оқытушы Н. Ширджанов СжБ-23 тобында "Футбол ойыны. Допты алып жүру және қақпаға тебу" тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақта футбол добының көлемі, салмағы жайлы мағлұматтар беріліп, түрлі тебу түрлері жайлы түсіндірілді.
"Колледж жаңалықтары"
"Колледж жаңалықтары"
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ӨТТІ
"Шебер педагогтен- үздік тәжірибе" тақырыбындағы тәлімгерлер семинары аясында тарих пәнінің оқытушысы Бекқали Мадина Қожахметқызы "Бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігінің 1-курс білім алушыларымен "Ұлы Дала тарихы" тақырыбында интеллектуалдық сайыс өткізді.
 Шара барысында колледж студенттері "Адай", "Балбырауын" күйлерін орындады.
Сайыс 4 турдан тұрды:1) Біліміңді сына, 2) Тарихқа саяхат, 3) Мәнді цифрлар,
4) Тұлғаны таны.
Сайысқа студенттер белсенді қатысты.
1- орын "Алтын Орда"
2-орын "Алаш Орда"
3-орын "Ноғай ордасы" иеленді.
Сайыс тартымды, қызықты өтті.
"Колледж жаңалықтары"

"Колледж жаңалықтары"

 

                 
         
   БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖИ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН САБАҚ
 Тәлімгерлер семинары аясында информатикадан арнайы пәндер оқытушысы Махмутова Асемгул “Бастауыш және негізгі орта бірім берудің информатика мұғалімі” біліктілігінің 1-курс білім алушыларымен “Жасанды интеллект негіздері. Білім берудегі жасанды интеллекттің болашағы” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
 Сабақ барысында білім алушылар өздерінің “Менің алғашқы жобам” атты teachablemachine.
withgoogle.com/train платформасында мини-жобаларын жасады. Жаңашыл технологиялардың бірі AR кеңейтілген шынайылық технологиясында жасалған кубтар арқылы тақырып бойынша SWOT талдау жасап, Photolab қосымшасында әр білім алушы өз суреттерін өңдеп келу үй тапсырмасы ретінде берілді. Сабақ соңында Coin-валюталарымен бағаланып, Face Expressions-бет әсерлерімен кері байланыс жасап, сабақтан алған әсерлерімен бөліс
"Колледж жаңалықтары"
"Колледж жаңалықтары"
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ,
ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
19 қараша күні колледжімізде Маңғыстау облыстық білім басқармасының №04-14-2691 хатына сәйкес кездесу өтті.
Кездесуге Бейнеу аудандық көпбейінді орталық ауруханасының нарколог дәрігері Аймақов Жаппарбай шақырылды.
Нарколог дәрігер студенттерге қазіргі таңдағы есіркі түрлері, таралуы мен қолдану салдары туралы айтып өтті. Сонымен қатар есірткі немесе басқа да психотропты заттарды пайдалану салдарынан адамдарда туындайтын тәуелділік, аурулар мен зардаптарын да айтып өтіп, олардан аулақ болуға, қызықпауға, таратпауға шақырды. Себебі әр бір заңсыз әрекет қылмысқа, құқық бұзушылыққа апаратынын айтып өтті.
Кездесу барысында студенттерге «Закладка» бейнеролигі көрсетіліп, студенттер өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.
"Колледж жаңалықтары"
"Колледж жаңалықтары"
ҚЫЗЫҚТЫ САБАҚ ӨТКІЗДІ
 “Шебер педагогтен- үздік тәжірибе” тақырыбындағы әдістемелік семинарда ағылшын тілін пәнінің оқытушысы Шаленова Айдана “Шетел тілі мұғалімі” біліктілігінің 4- курс білім алушыларымен “Illnesses and treatments” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
 Сабақ барысында Socrative, Notion платформалары қолданылып, аурудың атауларын еске түсіріп, одан арылудың жолдары мен симптомдары айтылды. Аудармашы рөлінде “Visiting a doctor” және “At pharmacy” тақырыбында рөлдік ойындар көрсетті.
"Колледж жаңалықтары"
"Колледж жаңалықтары"
ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ ӨТТІ
 "Шебер педагогтен-үздік тәжірибе" тақырыбындағы колледжішілік тәлімгерлер семинарында Назым Аюпова Байдуллақызы " 130-бұрық негізінде сабақ жоспарын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып дайындау" тақырыбында жас мамандарға шеберлік сыныбын өткізді.
 Қатысушы жас мамандар практикалық бөлімде сабақ жоспарларын әзірледі.

"Колледж жаңалықтары"

"Колледж жаңалықтары"

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
 Тәлімгерлер семинары аясында оқытушы Б. Каракулов ДтБ-22 тобындағы Дене тәрбиесі сабағында "Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар жиынтығы" тақырыбында сабақ өткізді.
 Сабақ барысында акробатика тарихы жайлы түсіндіріп, топпен және жекелей акробатикалық жаттығулар орындатты.

"Колледж жаңалықтары" 

"Колледж жаңалықтары"

 

ТӘЛІМГЕРЛЕР СЕМИНАРЫ БАСТАЛДЫ
"Шебер педагогтен- үздік тәжірибе" тақырыбымен колледжде тәлімгерлер семинары басталды.
 3 күнге созылатын семинар бағдарламасында тәжірибелі мамандардың үлгілі сабақтары мен шеберлік сыныптары, сондай-ақ аудиториядан тыс шаралары жоспарланған.
СЕМИНАР ЖҰМЫСЫНА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
"Колледж жаңалықтары""Колледж жаңалықтары"

 

 

Студенттер қатарына қабылданды!
17 қараша Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай "Студенттік өмір-жарқын сәттер кезеңі" тақырыбында 1-курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасы өтті. 1-курс студенттері АНТ қабылдап, студенттіктің басты құжаты студентік билеттер мен сынақ кітапшалары табысталды.

 "Колледж жаңалықтары"

 

"Колледж жаңалықтары"

 

БІЛІМ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ

 
Бүгін ️дарынды білім алушыларды анықтау, пәнге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін шыңдау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша колледжішілік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ СТУДЕНТТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
ДЕБАТ “ ҰШҚЫР ОЙ” алаңы
Колледжімізде “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Студенттердің толық ойлау, тапқырлық, ізденімпаздық, әр істеген ісіне жауапты қарау қасиеттерін қалыптастыру. Өз ойларын ашық әрі еркін айта білуге үйрету, пікір-сайыс қозғалысын дамыту.

 "Колледж жаңалықтары"

"Колледж жаңалықтары"

 

ДЕБАТ ӨТТІ
 "ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙДЫ " тақырыбында Американдық парламенттік формат ( АПФ ) үлгісінде дебат өтті.
Студенттердің ойлау, ойын жеткізу, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін қалыптастыру мақсатын көздеген бұл ойынға ауданымыздағы белсенді жастардың бірі, дебатшы оқытушы Еңсегенов Таңатбек шақырылды.
 Қарардың ұсақ-түйек аспектілерін зерттеп, факт жинаудан гөрі табанасты ойлап, мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге және сараптамалық талдауға негізделген бұл ойын тартысты өтті.
"Колледж жаңалықтары"

"Колледж жаңалықтары"

 

Worldskills Aktau- 2024
республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының негізгі құзыреттіліктері бойынша өңірлік кезеңінде колледж білім алушылары бақ сынап, чемпионат қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделерді иеленді:
 "Тәлімгерлік қызмет" құзыреттілігі бойынша- Болатқызы Айым, Қалбаева Асел-Алтын медаль, жетекшісі
Л. Оспанқызы
"Мектепке дейінгі тәрбие"- Изтурганова Жулдыз -Қола медаль, жетекшісі
А. Жумагазина
 Дене шынықтыру және спорт" құзыреттілігі- Н. Исмагулов - Медальон(2-орын), жетекшісі Б.Каракулов
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
ТАЛАПТЫ ДА ІЗДЕНІМПАЗ ЖАСТАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙ БЕРІҢІЗДЕР, ӘРІПТЕСТЕР! ЖАСТАРЫМЫЗҒА ЖАҢА ІЗДЕНІСТЕР ТІЛЕЙМІЗ!
       
  
                   
 Бүгін "Worldskills Aktau 2024» кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
 Worldskills- жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба. Ол 1946 жылдан бастап әлемнің 83 елінде өткізіледі.
Қоғамға қажетті мамандардың біліктілігін арттыру осы жоба аясында жүзеге асырылады.
Үш күнге созылатын аймақтық чемпионаттың ашылуында Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Dinara Zhumasheva құттықтау сөз сөйлеп, республикалық, халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары чемпионат алауын жақты.
ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
"Колледж жаңалықтары"

"Колледж жаңалықтары"

 

"WORLDSKILLS Kazakhstan - 2024" ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
    Бүгін «WorldSkiils Kazakhstan - 2024» чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Чемпионтақа колледж оқытушылары мен колледждің әлеуметтік серіктес мекемелерінен сарапшылар қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
   “ WorldSkiils Kazakhstan -2024” чемпионатының колледжішілік кезеңінде 13 құзіреттілік бойынша 87 білім алушы бақ сынасатын болады. Чемпионат 19 ақпан – 23 ақпан аралығында өткізіледі  Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

 

 "Колледж жаңалықтары"

 

"Колледж жаңалықтары"

 

 

ДЕБАТ ӨТТІ
«БАЛАЛАР –ИНТЕРНЕТ – МЕДИА ҚАУІПСІЗДІК» білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жоспарға сәйкес «Виртуалды әлем – қарсы және қарсы емес» – тақырыбында дебат өтті.
Дебаттың мақсаты виртуалды әлемге байланысты студенттердің білімдерін нығайту, тиянақтау.
Қатысқан "Үкімет" және "Оппозиция" топтары өз көзқарастарын ортаға салды. Өткізілген дебат тақырыбы колледждегі дебат клубы мүшелері үшін қызықты болды.

 

ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ
 Білім беру ұйымдарындағы педагогтарды аттестациялау қағидаларымен таныстырып, педагогтарды қолдау, портфолиосын әзірлеуге көмектесу мақсатында "ПЕДАГОГ АТТЕСТАЦИЯСЫ: ОҚЫТУ, ЗЕРТТЕУ, ТӘЛІМДЕУ" тақырыбында әдістемелік —тәжірибелік семинар өтті.
 Семинарда басшының ғылыми—әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Гулжамал Жаңбырова ПББ ережелері жайлы түсіндірсе, колледж әдіскері Tolkin Kadir педагог портфлиосына қойылатын талаптарды таныстыр

 

 

 

 

 

 

 

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

   Маңғыстау Облысының Білім Басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының облыстық спартакиадасының баскетболдан ерлер арасындағы жарыста колледжіміздің командасы жүлделі II орынға ие болды!

 

«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау
«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау
«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау

«Мамандықтар шеруі - 2022» колледжішілік байқау

Студенттердің  ғылыми  қоғамының жұмыс жоспарына сәйкес,колледж директорының бұйрығымен,арнайы бағдарлама жасақталып  Бейнеу гуманитарлық колледжінде студент жастардың колледж  өмірінің түрлі салаларын дамытуға қатысуы мен рөлін арттыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық мәнге ие кәсіптік бағдар қызметіне тарту, студенттердің ұжымдық жауапкершілік сезімін бекіту және қалыптастыра отырып мұғалім мамандығының беделін арттыру мақсатында 2022 жылдың  08-09 желтоқсан күні  колледжішілік  «Мамандықтар шеруі - 2022»байқауы өткізілді.

21-25 қыркүйек аралығындағы дәстүрлі «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте !» тақырыбында өткен тіл апталығы

21-25 қыркүйек аралығында өткен тіл апталығы төтенше жағдайға байланысты ZOOM бағдарламасы бойынша өткізілді. 21-25 қыркүйек аралығында өтетін «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» тақырыбындағы тілдер апталығының ашылу салтанатын  Сарбалаева А, Жолдасбаева Г. ұйымдастырды. Қазақ ойшылдарының тіл туралы видеоролигі көрсетілді. Колледж директоры Қаныбек Әбдібекұлы видео- құттықтауы арналды. Колледж оқытушыларының тіл апталығының ашылуымен құттықтауы жолданды. Колледж оқушыларының тіл туралы белгілі ақындардың өлеңдері  қазақ тілінде, ағылшын тілінде, орыс тілінде мәнерлеп оқылды.

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының   тұжырымдамасына байланысты  шаралардың  ұйымдастырылуы  мен  өтілуі туралы

«Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты шаралардың ұйымдастырылуы мен өтілуі туралы

Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі  ағымдағы жылдың сәуір айының 4-17сі аралығында «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық компаниясының тұжырымдамасына байланысты  шараларды  жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандардың, педагогтер мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсерінен болатын проблемаларды түсіну деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу, Интернет ресурстарды қолдану мәдениетін, кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдердің  Интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты Интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату мақсатында жоспарлы түрде ұйымдастырды

Сурет галереясы