ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТКІЗДІ
Тәлімгерлер семинары аясында оқытушы Б. Каракулов ДтБ-22 тобындағы Дене тәрбиесі сабағында "Гимнастика. Акробатикалық жаттығулар жиынтығы" тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында акробатика тарихы жайлы түсіндіріп, топпен және жекелей акробатикалық жаттығулар орындатты.
БІЛІМ ЖАРЫСЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін ️дарынды білім алушыларды анықтау, пәнге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін шыңдау мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша колледжішілік олимпиаданың ашылу салтанаты өтті.
ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ СТУДЕНТТЕРГЕ СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
ДЕБАТ “ ҰШҚЫР ОЙ” алаңы
Колледжімізде “Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады”тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Студенттердің толық ойлау, тапқырлық, ізденімпаздық, әр істеген ісіне жауапты қарау қасиеттерін қалыптастыру. Өз ойларын ашық әрі еркін айта білуге үйрету, пікір-сайыс қозғалысын дамыту.
ДЕБАТ ӨТТІ
"ҚАЗАҚСТАНДА АЭС САЛУ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙДЫ " тақырыбында Американдық парламенттік формат ( АПФ ) үлгісінде дебат өтті.
Студенттердің ойлау, ойын жеткізу, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін қалыптастыру мақсатын көздеген бұл ойынға ауданымыздағы белсенді жастардың бірі, дебатшы оқытушы Еңсегенов Таңатбек шақырылды.
Қарардың ұсақ-түйек аспектілерін зерттеп, факт жинаудан гөрі табанасты ойлап, мәселеге сыни көзқараспен қарауға, логикалық дәйектемеге және сараптамалық талдауға негізделген бұл ойын тартысты өтті.
IX ӨҢІРЛІК "WORLDSKILLS AKTAU 2024" ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Бүгін "Worldskills Aktau 2024» кәсіби шеберлік чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Worldskills- жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға негізделген халықаралық жоба. Ол 1946 жылдан бастап әлемнің 83 елінде өткізіледі.
Қоғамға қажетті мамандардың біліктілігін арттыру осы жоба аясында жүзеге асырылады.
Үш күнге созылатын аймақтық чемпионаттың ашылуында Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысы Dinara Zhumasheva құттықтау сөз сөйлеп, республикалық, халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары чемпионат алауын жақты.
ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!
"WORLDSKILLS Kazakhstan - 2024" ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КОЛЛЕДЖІШІЛІК КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Бүгін «WorldSkiils Kazakhstan - 2024» чемпионатының колледжішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Чемпионтақа колледж оқытушылары мен колледждің әлеуметтік серіктес мекемелерінен сарапшылар қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
“ WorldSkiils Kazakhstan -2024” чемпионатының колледжішілік кезеңінде 13 құзіреттілік бойынша 87 білім алушы бақ сынасатын болады. Чемпионат 19 ақпан – 23 ақпан аралығында өткізіледі Чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
ПЕДАГОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ



Семинарда басшының ғылыми—әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
Гулжамал Жаңбырова ПББ ережелері жайлы түсіндірсе, колледж әдіскері
Tolkin Kadir педагог портфлиосына қойылатын талаптарды таныстырды.
4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай I, II курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кешінің конағы «AMANAT» партиясы Бейнеу аудандық филиалының төрағасы Жолышов Тұралы Ботақараұлы.
Кездесудің мақсаты білім алушының бойына отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриоттық қасиеттерді қалыптастырып, еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Кездесу барысында
Тұралы Ботақараұлы өзінің өмір жолы тарихымен бөлісіп, болашақ ұрпақты білімді, еңбекқор және саяси сауатты болуға шақырды.
Сонымен бірге "білім алушыларды мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен жастарысыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер" - деп сөзін аяқтады.
Білім алушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне байланысты ұяшықта жасырылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, студенттер «Аманат партиясының құрылу мақсаты неде?», «Аманат партиясына мүше болу үлкен жауапкершілікті талап ете ме?» т.б сұрақтар бойынша ақпараттар алды.
ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Маңғыстау Облысының Білім Басқармасы Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру оқытушыларының облыстық спартакиадасының баскетболдан ерлер арасындағы жарыста колледжіміздің командасы жүлделі II орынға ие болды!