Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес
"Бейнеу гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамасы
Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 02 қыркүйектен бастап “Бейнеу гуманитарлық колледжі” МКҚК қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
2024 жылғы 01 шілдеден бастап Бейнеу гуманитарлық колледжінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.
ОБЪЯВЛЕНИЕ о внутреннем анализе коррупционных рисков
С 01 июля 2024 года в Бейнеуском гуманитарном колледже будет проводится внутренний анализ коррупционных рисков.
«Бейнеу гуманитарлық колледжі» МКҚК-да жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
2025 жыл Бейнеу ауданы
Талданатын объект туралы мәлімет: «Бейнеу гуманитарлық колледжі» МКҚК (бұдан әрі-кәсіпорын). Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Майлин 1 д көшесі 1.
«Бейнеу гуманитарлық колледжі» МКҚК-ның директоры Жумагулова Аккенже Байтореевна 29 тамыз 2025 жылы бекітілген №61 нқ бұйрығы негізінде колледжде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
- Л.Мектепова – басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары;
- Б. Карагулов – басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
- М.Ильясов – басшының шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары;
- Г.Утегенова – кадр бөлімінің меңгерушісі;
- Ж.Мамбетова СЖҚ комплаенс қызметкері.
Талдау кезеңі: 29.08.2025ж - 29.09.2025ж
Колледж басшысы 1 : Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары; басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары; басшының оқу – өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары; шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары; есеп бөлімі, кадр бөлімі.
- Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Бейнеу гуманитарлық колледжі» МКҚК – ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу барысындағы қызметкерлер саны штаттық кесте бойынша колледжде барлығы 90 жұмыскер, оқытушылар 48 оның 7 бала күтімі демалысында, тех персонал 42 жұмыскер.
Мекеме басшысы – 1 бірлік,
Басшының орынбасары – 5 бірлік.
Педагогтармен жұмыс және кадр бөлімі – 1 адам,
Қаржылық қызмет және бухгалтерлік есеп бөлімі – 3 адам.
Конкурстық рәсімдер.
ҚР білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау , лауазымынан босату, қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізінде 3 қабылданды (оның ішінде 2024 жылы – 9 адам). Барлық қызметкерлер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, келеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізу кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық) беру фактілері анықталған жоқ. 2022 жылдан бастап мемлекеттік қызметке қабылдаудың барлық конкурстық рәсімдерін кадр бөлімінің меңгерушісі жүзеге асырады, Барлық азаматтық қызметкерлердің 2025 жылға арналған кірістер мен мүліктері туралы декларациялары Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мерзімде тапсырылды. Колледжде барлық қызметкерлері сыбайлас жемқорлықтың нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлыққа шалдығуы мүмкін лауазымдар тізбесіне басшы, басшының орынбасарлары (оқу жұмысы жөніндегі, оқу тәрбие жұмысы жөніндегі , оқу өндірістік жұмысы жөніндегі,оқу шаруашылық жөніндегі), әдіскер, бас есепші, бас есепшінің міндетін атқарушысы, мамандар бөлімінің менгерушілері,топ жетекшілері мен мен оқытушылар кіргізілді. 2025 жылдың 29 тамызында
- Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Колледж қызметкерлерін талдау барысында жақын туыстардың немесе жекжаттардың бірге қызмет (жұмыс) істеуі анықталған жоқ. Колледж қызметкерлері арасында мүдделік таластар мен даулар тіркелген жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 14 бабында белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер анықталған жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Колледжде мемлекеттік қызмет көрсетудің 9 түрі жүргізілді. Шағым болған жоқ.
2) Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру-мемлкеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №506 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру қағидаларының » 2-қосымшасына сай жүзеге асырылған. 2024-2025 оқу жылында 5 білім алушы академиялық демалыс алды. Академиялық анықтамалар тіркеу журналында қол қойылған, ретімен жазылған. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мерзімнің бұзылуы, ұсынудан бас тарту, көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.
3)Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру. Колледжде білім алушыларымен жатаханадан орын беру қарастырылған. Жібек жолы қонақ үйімен келісім шарт жақталған. Бірақ білім алушылар тарапынан жатаханаға сұраныс жоқ.
4) Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. Мемлекеттік қызмет стандарты «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы №39 бұйрығының 6-қосымшасына сай жүзеге асырылады.
5) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау үлгілік қағидаларына», 4-қосымшаға сәйкес. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылдың 18 қазанындағы №578 «Техникалық және кәсіптікбілім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізілген білім басқармасының ақпараттық жүйесінің (abiturient.edus.kz)конкурстың қортындысы бойынша 100 студент қабылданды Жаңа оқу жылына талапкерлерден құжат қабылдау қағаз және электронды түрде жүргізіледі. Бейнеу гуманитарлық колледжіне оқуға қабылдау мерзімдерді бұза отырып көрсетілетін мемлекеттік қызметті алудан бас тарту, сапаға, қызметкерлерге немесе қызмет көрсету мерзіміне қатысты келіп түскен шағымдар болған жоқ.
6) Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру. Мемлекеттік қызметтің бұл түрі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.01.2015 жылғы №19 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымының түрлері бойынша білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау ережесі» негізінде жүзеге асырылады.
7) Білім алушылары білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша қайта қабылдау.
8) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру-мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20-қаңтардағы №19 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 2-қосымшасына сай жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде құқық бұзушылықтар орын алған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы желілерге және түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпараттар берілді.
- Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес колледжде рұқсат беру функциялары жоқ.
- Бақылау функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес колледжде рұқсат беру функциялары жоқ.
- Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу. Талдау барысында басқарма «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі№ 106-VIII Қазақстан Республикасы Заңының, Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабына сай, бюджеттік сұранысқа сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жоспары әзірленіп бекітілді, мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырылды (жоспарда 241 лот бар, жалпы сомасы 79 038 392,85 теңге). Студенттерді (мүжәлсіз отбасынан жетім балаларға қаржылай көмек көрсетілді) 16324,80 теңге. 2025 жылы бөлінген қаржыға сәйкес,тауарлар (кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, т.б. тауарлар) сатып алу үшін 4 105 000 теңге. Коммуналдық шығындар 2 900 000 теңге, т.б. қызметтерге 7 770 000 теңге.
- Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Колледж атынан мемлекеттік сатып алу порталында жылдық жоспар бойынша өтінім хабарландырулар салынады. Мемлекеттік сатып алу порталына мердігерлер хабарландыруға өтінім жасап, содан кейін хабарландыру ашылған кезде хаттама қорытындысы бойынша, жеңіп алған мердігерге немесе жеке кәсіпкерге мемлекеттік портал арқылы Келісім-шарт жіберіліп және мемлекеттік сатып алу менеджері өңдеп портал арқылы заңгер маманы тексереді. Құжаттың дұрыс жазылған болса, заңгер эцп кілті арқылы қол қояды және мекеме басшысына жолдайды. Мекеме басшысы тексерістен кейін дұрыс болған жағдайда сатып алу менеджеріне жолдайды. Сатып алу менеджері қарап тексеріп мердігерге немесе жеке кәсіпкерге портал арқылы келісім-шартты жолдайды. Мердігер немесе жеке кәсіпкер шартты қарап өз деректерін есеп шот нөмерін, мекен жайын толтырып қайта тапсырыс берушіге портал арқылы келісім-шартты жолдайды. Тапсырыс беруші қайта тексеріп келісім-шартқа қол қояды.
Мемлекеттік тапсырыспен түскен әр білім алушымен немесе оның қамқоршысымен оқу мерзіміне келісім-шарт жасалады.
Колледждегі «Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» арқылы сұрақтар шешімін табады. Сенім жәшігі колледждің бірінші қабатында фойеде орналасқан, оқу корпусының әр қабатында сенім телефон нөмері мен анықтамалар ілінген.
Колледж сайтында және Instagram, фейсбукте колледж студенттері мен педагогтарының іс-шаралары мен жетістіктері туралы ақпарат үнемі жарияланып отырады. Сондай-ақ колледж сайтында басшының блогы және «Сұрақ-жауап» бөлімі бар.
Әкімшілік мүшелері кестеге сәйкес азаматтарды қабылдайды. Қабылдау уақыты туралы ақпарат ақпараттық стендте орналастырылған. Ата-аналарға арналған стендтерде, сондай-ақ колледж сайтының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде: Адалдық алаңы, «Саналы ұрпақ» клубы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сыйлықтарды тапсыру бойынша жадынама, «Сыбайлас жемқорлыққа – жол ЖОҚ» деген плакаттары бар. Колледж педагогтары мен студенттері арасында «Оқытушы студенттер көзімен», «Таза сессия» тақырыптарында сауалнама, акция, «Адалдық сағаты» жүргізілген.Колледжде атқарылған іс – шаралар туралы ақпараттар колледждің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланған. Ата-аналармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы мүлтіксіз сақтауға, кез-келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасауға бағытталған түсіндіру жұмысын қамтитын ата-аналар жиналысы өткізілген.
Колледж қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністері туралы шағымдар мен өтініштер түскен жоқ.
- Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу объектісі: Ақпараттық технологиялар жөніндегі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыты: ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасар ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер болған жоқ. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасар қызметкері тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Колледж қызметкерлері жұмыс барысында төмендегі ақпараттық жүйелерді пайдалану арқылы жұмыстануда: Электрондық еңбек биржасы «enbek.kz» бос жұмыс орындарын орналастыру және қызметкерлерді іздеу үшін , еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі «hr.enbek.kz» еңбек шарттарды тіркеу үшін қолданамыз; Ұлттық білім беру деректер қоры «nobd.iac.kz» колледж жұмысы туралы барлық қажетті және өзекті ақпаратты, оның ішінде контингент пен персоналды сақтауға арналған. Ақпараттық технологиялар жұмысты ұйымдастыру кезінде тәуекелдерді болдырмау; әртүрлі деңгейдегі пайдаланушылар үшін ақпаратқа қол жеткізуді бақылау; профилактикалық немесе жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету; ақпараттық технологиялық бөлім саласындағы теріс пайдаланушылыққа толық төзбеушілікке жағдай жасау; ЭЦҚ-ны рұқсатсыз пайдалануды болдырмау үшін мынадай іс-шаралар көзделген:
Негізгі ақпаратты алу тәртібін ұйымдастыру, рәсімнің орындалуын бақылау;
Негізгі ақпаратты сақтау және қол жеткізу шарттарын ұйымдастыру;
Негізгі ақпаратты алу, сақтау және пайдалану үшін жауапкершілікті шектеу.
Е-өтініш арқылы колледжге 23 өтініштер келіп түседі. Бұл жүйе арқылы өтініштермен колледждегі процестерді цифрландыру жүргізіледі; өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;
E-GOV порталы арқылы да колледжге қажетті анықтамалар, қызметкерлер мен білім алушыларына ЭЦП кілтін алу және ұсыныстар мен өтініштер қаралады. Әрбір азаматтың басты құжатына ЭЦҚ құралдарын орналастырудың артықшылығы-оның көмегімен электрондық қолтаңба қойылатын жабық кілтті көшірудің мүмкіндігін болдырмайтын қауіпсіз сақтау болып табылады.
9.Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
ҚР Еңбек кодексі (2015 жылғы 25 қарашадағы №414), ҚР «Білім туралы» заңы (03.07.2014 жылғы №227-V), ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі№ 106-VIII Қазақстан Республикасы Заңының, Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6 бабына сай, бюджеттік сұранысқа сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың алдын-ала жоспары әзірленіп бекітілді, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы, 18.05.2020 ж.№207 өзгерістерімен), «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы), «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы ҚР ДСМ – 76 бұйрығы), «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттау қағидалары мен шарттары» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 және 2020 жылғы 11 мамырдағы №192 бұйрығы), «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12.03.№320 қаулысы), Білім беру ұйымы көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, өкімдері.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша әкімшілік-басқару персоналының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына ықпал ететін, жеке тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға, нормативтік құқықтық актілерді өз бетінше түсіндіруге мүмкіндік туғызатын құқықтық олқылықтар жасауға ықпал ететін ережелер белгіленбеген.
Қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету.
Колледж ақпараттың азаматтарға ашықтық деңгейі мен дәрежесін арттыру үшін оқу орны интернет-ресурстарында өз қызметі туралы жалпы сипаттағы ақпаратты, ағымдағы қызметі туралы ақпаратты уақытылы орналастырады.
Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Мектепова
Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Б. Карагулов
Басшының шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары М.Ильясов
Кадр бөлімінің меңгерушісі Г.Утегенова
СЖҚ комплаенс қызметкері Ж.Мамбетова









