Дәстүрлі Тіл апталығы туралы хабарлама
Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүзеге асуына қолдау білдіру мақсатында 22 қыркүйек – Қазақстан халықтары Тілдері күніне орай 2017 жылдың 18-23 қыркүйек күндері аралығында «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты дәстүрлі тіл апталығы өтті.Апталықтың мақсаты – студенттерге ана тіліміздің қадір-қасиетін ұғындырып,оны өшпес мұра етіп сақтау,ұрпақтан-ұрпаққа аманаттап жеткізу,мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыруда жетістіктерді паш ету, Елбасының мақаласынан туындайтын міндеттердің жүзеге асырылуын насихаттау, тіл жанашырларын тәрбиелеу.
Тіл апталығы аясында тәлім-тәрбиелік мәні бар,мазмұнды шаралар ,атап айтсақ «Мәңгілік елдің мәртебелі тілі» тәрбие сағаты, «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілін халықаралық дәрежеге шығара ала ма?» дебат,белгілі ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Сағыныш күйі жүректің ...» атты өлеңдер топтамасы бойынша поэзия сағаты,колледж кітапханасында оқырмандарға «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында баяндама ,тіл туралы ақын-жазушылардың шығармаларынан кітап көрмесі,заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Құс қанаты» хикаяты бойынша кітап оқушылар конференциясы, «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қорытынды әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
18.09.2017 күні гуманитарлық цикл жетекшісі А.Сарбалаева «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты тіл апталығының ашылу салтанатын ұйымдастырды. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ІІІ курс студенттері апталықтың ашылу салтанатына белсене қатысты.Олар белгілі ақындардың тіл туралы ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.Еліміздің ең қастерлі құжаты Конституцияның қазақ тілінің мәртебесін белгілеген жетінші бабы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың» 2001-2010, 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары Елбасының үш тұғырлы тіл саясаты,оның «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттер, халықтар достығы мен Мәңгілік Ел идеясы туралы баса айтылды.
2017 жылы 18 қыркүйек күні аралас топтармен кітапханада тәуелсіз елдің жеткіншек ұланын өз ана тіліне үйрету, қазақ тілінде еркін сөйлей алатын, ұлтжанды, нағыз патриот – қазақ тәрбиелеу мақсатында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» тақырыбында баяндама оқылды.
Тәрбие – жан-жақты ұғым десек, сол тәрбиенің бастауы тілдің шұрайлысын баланың бойына халқымыздың сөз асылы – ауыз әдебиетінің бай үлгілерін: ертегі, мақал-мәтел, шешендік сөздерді дарыту арқылы сіңіре аламыз. Бұл тәрбие бала бесікте жатқанда айтылатын «Бесік жырынан» бастау алып, одан тәрбиеші, ұстаздар берген тәрбиемен, білімімен ұштасып жатса, әрине құба-құп.
Бала тәрбиесінде оңай еш нәрсе де болмайды, соның ішінде ұлттық салт-сана, адами болмысы мен жеке басын қалыптастыруда тілдің орны ерекше. Адам ойы сөзбен берілетін болса, сөз тіл арқылы ғана жарыққа шығады. «Ақынның көзі – аталы сөз» деп ұққан халқымыз сөйлей білуді үлкен өнер деп санаған. Оның айғағын «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Сөз сүйектен өтеді» т.с.с. даналық сөздерден байқауға болады.
Тіл туралы ақын - жазушылардың шығармаларынан кітап көрмесі
2017 жылы 18 қыркүйек күні кітапханада «22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер» мерекесі күніне орай «Тіл –достықтың тірегі» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке, ұлттың қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді.Кітап көрмесіне ҚР Тіл туралы Заңы, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Елбасының «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру» мақаласы, оқырмандарды мемлекеттік тілді құрметтеуге, тіл мәдениетін көтеруге шақыратын кітаптар, дәйексөздер, мақал-мәтелдер, мерзімді басылымдар ұсынылды.
«Тілімізді жаман сөзден сақта, жақсы сөзге үйрет», - деп ежелгі дәуірде өмір сүрген М.Қашғари айтса, ал А.Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дейді. Ахмет Байтұрсынов «Білімсіз халыққа қанша бай болса да, байлығы басқа халықтың қолына көшеді» деп біліктілікпен айтып кеткен.
С.М.Исаевтің 2000жылы шыққан «Тілім деп өмір сүрген ем...» деген кітабы қазақ тіл білімі саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар мен студенттерге, жалпы көпшілік қауымға арналған кітапты студенттерге таныстырдым.
Әрбір қазақ баласы «Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда –ақ берген білім» деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай, өзінің бойына анасының ақ сүтімен бірге сіңген туған тілін қадірлеп, құрметтей білу керек.
19 қыркүйек күні МБ-11-2 тобының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл » атты тіл апталығы аясында өткізілетін поэзия сағатында Ақұштап Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет бере отырып,шуағы да,қуаты да бар,тіршіліктен түйгені көп,тілі түсінікті де құнарлы туындылар – ақын ананың болашаққа аманаты,ұрпаққа ұлағаты екенін ұғындыру мақсатында ақын Ақұштап Бақтыгерееваның «Сағыныш күйі жүректің» атты өлеңдер топтамасы бойынша поэзия сағаты өткізілді.
Поэзия сағатында оқушылар Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушылар Одағының мүшесі Ақұштап ақынның өмір жолымен танысты. Өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқи отырып, ақын шығармаларының эстетикалық нәрін ұғынды. Ақын-жазушылардың, зиялы қауым өкілдерінің Ақұштап Бақтыгереева туралы жүрекжарды лебіздерімен танысты. 21 қыркүйек күні колледж оқытушысы Г.Жанбырова елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басты бағыт етіп қатысушы студенттерді шешен, еркін сөйлеуге ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу, ал колледж студенттерін латын әліпбиіне қатысты жұртшылықтың пікірімен таныстыру мақсатында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін халықаралық дәрежеге шығара ала ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырды.
1.Пікірсайыс және 2.Қарсыласқа тойтарыс атты 2 кезең бойынша өткен дебатқа жақтаушы, даттаушы командалары қатысты. Бүгінгі таңда елімізде ең өзекті тақырыптардың біріне айналған латын әліпбиіне көшу мәселесі бойынша өткен дебат өте тартысты әрі қызықты болды. 22 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті арнайы пәндер оқытушысы Қадыр Толқын Сұлтанқызының ұйымдастыруымен Ә.Кекілбаевтің «Құс қанаты » повесі бойынша кітап оқушылар конференциясы өтті. Конференцияның мақсаты- Студенттерді кітап оқуға қызықтыру. Шығарма арқылы адамгершілікке, имандылыққа, руханилыққа тәрбиелеу. Оларды шығармашылыққа, зерттеушілікке, ойларын жүйелі және көркем жеткізуге тәрбиелеу. Шараны Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орайластыра ұйымдастырылып отырғанын айта кетіп, жазушы еңбектерінен бүгінгі ұрпақ-мына сіз бен біз болашаққа керегімізді ала баруға міндетті екенімізге түсінік берді.
ТжБ-23 тобы студенті Реймбаева Роза «Заңғар жазушы» таныстырылымымен оның өмірі мен шығармашылық жолы жайлы мағлұмат берді. Көрермендермен байланыс мақсатында Әбіш Кекілбаев туралы тұлғалардың айтқан пікірлері мен жазушының қанатты сөзге айналып кеткен сөздері сұралды. Оқырмандар хикаяттың сюжеттік желісін есте жаңғыртып алған соң,
1. Қазақтың бір бөлшегі-қақыра жаулықты қара кемпірдің ұлы арманы не екен?
2. «Аманат» сөзінің мағынасы шығарманың қай тұсында ашыла түседі?
3. Шығарманың «Құс қанаты» аталуы неліктен?
4. Повестегі диалект сөздер
5. Повестегі тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер
6. Бала Әбішке сипаттама, портрет.
7. Повестегі ұлттық салт-дәстүр көрінісі
8. Повестегі киіз үйге қатысты және тұрмыстық жабдықтар атаулары
9. Повестегі сол кезең жастарының бейнесі
10. Ене мен келін психологиясы
11. Повесте көрінетін қазақ әйелінің жиынтық бейнесі
тақырыптары төңірегінде өз ойларымен бөлісті, зерттеушілік талдау жұмыстарын жасады.
Конференция соңында 1. Хикаят көтерген жүк қандай, яғни шығарманың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? 2. Жазушы нені үлгі еткісі келді, яғни идеясы қандай? Деген сұрақтармен оқырмандардың ойлары қорытындыланды. Конференцияға қатысқан студенттер атап айтқанда, А. Айнашов, А. Мұратқызы, А.Қалымбетова, Ә.Мұхтарова, Т.Ермекбаев, Р.Жаңғылбаева, Б. Айткуловтар шара барысында өзіндік ойларын кеше мен бүгінді салыстыра отырып жеткізіп, жазушы шығармаларын көп оқуға насихаттады.
Кітап оқушылар конференциясы айтар түйіні мазмұнды, оқырмандар мен тыңдармандар үшін қызықты өтті.
2017 жылы 23 қыркүйекте аралас топтар арасында «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбында өткізілген апталықтың қорытынды әдеби- сазды кеші болып өтті.Кештің мақсаты - тілді қадірлей білетін тұлға қалыптастыру, тіл жанашырларын тани білу, дәріптей білуге тәрбиелеу. Кеш Елбасымыздың «...Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды...» деген сөзімен ашылып, студенттер танымал ақындарымыздың тіл туралы өлең шумақтарын оқып, ұлылардан қалған қанатты сөздерді жатқа айтты. «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» мамандығының 2 – курс студенттері ұлт мақтанышы, тіл жанашыры Мұхтар Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» балладасын сахналады. Студенттер 51 жыл сәуле шашқан сақинаның тарихын әдемі де әсерлі жеткізді. Студент Айтымова Фарида Естайдың «Қорлан» әнін тебіренте шырқады. Кеш соңында ГПЦК жетекшісі Сарбалаева Ақсәуле апталықты қорытындылап,апталыққа белсене қатысқан студенттерді марапаттады.









