«Кәсіптік білім беру үрдісіндегі жаңа талапқа сай маман даярлау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі» атты әдістемелік семинар

2016 жылдың 7-10 желтоқсан күндері Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Кәсіптік білім беру үрдісіндегі жаңа талапқа сай маман даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі» атты әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Семинар бағдарламасына сәйкес оқытушылар ашық сабақтар көрсетті. 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының І курс студенттеріне биология пәні оқытушысы Дүйсенбаева Қамқа «Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылығы», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ІІ курс студенттеріне дене тәрбиесі пәні оқытушысы Ширджанов Нұрмұхан «Спорттық ойындар.Қазақтың ұлттық ойындары», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Математика мұғалімі» біліктілігінің І курс студенттеріне химия пәні оқытушысы Сапарова Шынарай «Көміртек және оның қосылыстары", 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Математика мұғалімі» біліктілігінің ІV курс студенттеріне информатика пәнінің оқытушысы Махмутова Асемгул «Шартты және таңдауды ұйымдастыру программалауды қорытындылау» туралы саяхат ашық сабағын, 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының «Информатика пәнінен бастауыш білім беру» біліктілігінің ІV курс студенттеріне информатика пәні оқытушысы Аюпова Назым «Бейнемонтаждау бағдарламалары», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігінің ІІІ курс студенттеріне дене тәрбиесінің оқытушысы Демеуов Бисенкул «Волейбол.Доптың жоғарыдан және төменен қабылдау», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының І курс студенттеріне информатика пәні оқытушысы Жаулиева Гулмира «MS Word редакторының графикалық мүмкіндіктері», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» біліктілігінің ІІІ курс студенттеріне дене тәрбиесінің оқытушысы Тилепова Жанар «Волейбол. Доптың алу әдістері», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Математика мұғалімі» біліктілігінің ІІ курс студенттеріне математика пәнінің оқытушысы Қалдаулетова Айгерім «Алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру», 0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мамандығының» І курс студенттеріне информатика пәні оқытушысы Икенова Жанат «Компьютерлік графика.Графикалық редактордың түрлері», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Математика мұғалімі» біліктілігінің ІІ курс студенттеріне дене тәрбиесі пәні оқытушысы Төреханов Бисенбай «Саптық жүріс», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ІІІ курс студенттеріне экономика пәні оқытушысы Асқарова Салтанат «Бизнес.Әлеуметтік мән мен және кәсіпорын», 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Математика мұғалімі» біліктілігінің І курс студенттеріне биология пәні оқытушысы Тыныштықова Светлана «Жыныс жасушаларының бөлінуі-мейоз.Онтогеноз», 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының ІV курс студенттеріне математика пәні оқытушысы Сариева Гулбаршын «Мектеп жасына дейінгі балалардағы қарапайым математикалық түсінік бойынша қайталау сабағы», 0102000 «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру мамандығының» ІV курс студенттеріне дене тәрбиесі пәні оқытушысы Қарағұлов Берік «Гимнастикалық қабырғада орындалатын жаттығулар», 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының «Информатика пәнінен бастауыш білім беру» біліктілігінің ІV курс студенттеріне информатика пәні оқытушысы Хожабаева Көркем «Macromedia Flash бағдарламасы.Қозғалыс анимациясы. Символдар» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді.
10.12.16 күні семинардың қорытынды бөлімінде жаратылыстану ПЦКжетекшісі Мектепова Лиза дөңгелек үстел ұйымдастырып, «Жас мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудағы әдістемелік қызметтің рөлі» тақырыбында баяндамасын оқыды.









