Шаленова Айдана Мұратқызы
Шаленова Айдана Мұратқызы 1994 жылы 09 қыркүйекте дүниеге келген. Жоғары білімді, педагогикалық еңбек өтілі – 9 жыл. 2001-2012 жылдар аралығында Бейнеу гимназиясын бітірген. 2016 жылы Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығын аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын 2016 жылы Ақтау қаласындағы № 24 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 2018 жылдан бастап Бейнеу гуманитарлық колледжіндеағылшын тілі пәні оқытушысы болып жұмыс атқарып келеді. 2025 жылдан бастап колледж әдіскері болып жұмыс жасайды. 2021 жылы «NurOtan» партиясының Алғысы, 2023 жылы «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының Құрмет грамотасы, 2023 жылы «Қазақстанның үздік ауыл жастары» төсбелгісімен, 2023 жылы Маңғыстау музейі директорының Алғыс хаты, 2023 жылы Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің Алғысы, 2024 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.
2017 жылы Ақтау қалалық білім бөлімінің «Жас маман -2017» слетінде II орын, 2022 жылы «Шығармашыл педагог-2022» I Республикалық олимпиада I орын, «WorldSkills Aktau-2022» VII өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына «Бастауыш сыныптарда сабақ беру» құзыреттілігі бойынша сарапшы,2022 жылы О.Тұрмағамбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі «Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың негізгі мүмкіндіктері» тақырыбындағы оқытушыларға арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конфренцияға қатысқаны үшін сертификат, 2023 жылы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы облыстық кәсіби шеберлік конкурсында «Арнайы білім беру» құзыреттілігі бойынша II орын, 2023 жылы «Педагогикалық идеялар фестиваль» атты республикалық педагогтерге арналған кәсіби конкурсі I орын, 2025 жылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жалпы пән оқытушылары арасында облыстық пәндер олимпиадасында қоғамдық- гуманитарлық бағыт бойынша III орын иеленді.
Шаленова Айдананың білім алушылары да үздік нәтижелерді көрсетіп келеді, Атап айтсақ, 2022 жылы Алматы мемлекеттік гуманитарлық- педагогикалық колледжі «Білім: дәстүрлер мен инновациялар» атты колледж білім алушылары арасында халықаралық III ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін Шукурбаева Ақбота сертификат,2022 жылы колледжішілік «Ғылым және білім-2022» тақырыбындағы студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша Шүкірбаева Ақбота II орын, 2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында ұйымдастырылған «Жас ғалым-2023» атты III өңірлік конференциясында «Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер» бағыты бойынша Жексенбаева Жан-нұр II орын, «Worldskills Aktau-2024» IX өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында «Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту» құзыреттілігінде Жексенбаева Жан-нұр III орын, 2025 жылы «DigitalSkills Aktau-2025» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатының «Ағылшын тілін қашықтықтан оқыту» құзыреттілігі бойынша Жексенбаева Жан-нұр үздік маман, 2025 жылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының I-II курс студенттеріне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиадада Мақсатова Самира II орын иеленді.









