Колледж миссиясы: Жоғары кәсіптік білім беруді ұйымдастыра отырып, жұмыс берушінің, колледждің және білім алушылардың мүдделеріне сәйкес, кәсіби құзыретті, білікті маман даярлау.

Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

              Мен Каракулов Берик Тилектесович 1987 жылы қаңтар айының 15 жұлдызында Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосында қарапайым отбасында дүниеге келдім. 1994 жылы 1 қырқүйекте Ы. Алтынсарин атындағы ортам мектепке бірінші сыныпқа қабылданып, 2005 жылы Бейнеу лицейін бітірдім. 2006 жылы Бейнеу балалар жасөспірімдер спорт мектебіне от жағушы қызметіне орналастым да сол жылы қыркүйек айынан бастап волейболдан жаттықтырушы қызметіне ауыстрылдым. 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне 050108 –«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша сырттай бөліміне оқуға түстіп. 2008 жылы Бейнеу аудандық жастар ісін үйлестіру орталығына маман болып жұмысқа шақыртылдым. Мамандығыма байланысты 2009 жылы   Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке дене тәрбиесі пәні мұғаліміне ауыстым. 2012 жылы жоғарыда айтылған оқу орнын бітіріп 050108 –«Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітіріп, сол жылдың қыркүйек айынан бастап Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі мемлекеттік коммуникалық  қазыналық кәсіпорынында дене шынықтыру пәні бойынша жұмыс жасап келемін.