Аюпова Назым 1970жылы 19 ақпанда дүниеге келген.Еңбек жолын 1995 жылы Бейнеу селосындағы Абай атындағы орта мектепте бастаған. 2001- 2013 оқу жылына дейін сол мектепте информатика пәнінен дәріс бере жүріп, педагог-ұйымдастырушысы, директордың инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылдан 2015 жылға дейін Бейнеу гуманитарлық колледжінде сырттай оқу бөлімінің орынбасары, 2016 жылдан бастап қосымша білім беру педагогі қызметтерін атқарды. 2023 жылдан бастап бөлім меңгеруші қызметін атқарып,2025 жылдан бастап басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары қызыментін атқарып келеді.Назым педагогикалық еңбек жолында шығармашылық ізденіспен көптеген жетістікке жетті.Ұстаздық қызмет атқарған жылдарда өз пәнінің теориясы мен әдістемесін, қазіргі сабақтарға қойылатын негізгі талаптарды, оқытудың озық технологиясын жетік меңгерген.Санаты-педагог сарапшы.Еңбек өтілі 26 жыл
Аюпова Назым 2008 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, 2011 жыл Маңғыстау облысының білім басқармасының Құрмет грамотасы, 2016 жыл Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің Алғысы, 2019 жыл Бейнеу аудандық білім бөлімінің Алғысы, Маңғыстау облысының білім басқармасының Алғысы 2020 жыл,8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің құттықтауы,2023 жыл Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің Алғысымен марапатталды.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары арасында «Алтын диск» облыстық байқауы. ІІ орын.
Шәкірттерім көптеген аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадалар, конкурстар мен сайыстардың және ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушылары және жүлдегерлері болды.
2020 жылы «WorldSkills Aktau-2020» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына компатрит сарапшы ретінде сертификат;
2020 жылы «WorldSkills Aktau-2020» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына қатысқаны үшін студент Калдыбеков Н сертификат;
2020 жылы «WorldSkills Aktau-2020» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатына қатысқаны үшін студент Умирбаев Н сертификат;
2020 жылы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жаңартылған білім мазмұны бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы облыстық сеимнар-практикумында «Жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасақтау тиімділігі » шеберлік сыныбы;
2020 жылы Модульдік оқыту жүйесіне көшу үшін ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу,оқу жұмыс жоспарларын,оқу жұмыс бағдарламаларын,үлгілік оқу бағдарламаларын, перспективалық күнтізбелік жоспарын әзірлеу үшін «0105023 Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі»біліктілігіне модулдік оқыту жүйесін енгізуге байланысты шығармашылық топ мүшесі;
2020 жылы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинетімен бірлесе ұйымдастырылған Жаңартылған білім мазмұнында оқытуға арналған шығармашылық топтың жоспарына сәйкес облыстық онлайн «Критериалды бағалаудың теориялық негіздері. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны» тақырыбында вебинар;
2020 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы 2020 жылдың 12.08-27.08 аралығында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде мемлекеттік колледждердің жалпы білім беретін пәндерінің педагогтарын оқыту курысында тренер;
2020 жылы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының XX-шы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясына өз баяндамасын ұсынғаны үшін студент Умирбаев Н ІІ орын Диплом;
2020 жылы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының XX-шы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында жетекші ретінде Диплом;
2021 жылы Республикалық sabak.kz платформасында «Жаңартылған білім мазмұны – жаңашылдыққа бастама» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер мен жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден жаңартылған білім мазмұнында интербелсенді әдістерді қолдану бойынша on-line тәжірибе алмасу сабағында «Информатика пәнінен өзіндік жұмыстар түрлері.Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру әдістеру» тақырыбында ашық сабақ;
01140100 «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 4S01140101 «Бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша кредиттік -модулдік оқыту жүйесінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
2022 жылы «Шығармашыл педагог-2022» І Республикалық олимпиада І орын, диплом;
2022 жылы «Гүлдене бер Қазақстан!» VII Республикалық туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының байқауында студент қатыстырғаны үшін Сертификат;
2022 жылы «Кәсіби мамандарды дайындаудың өзекті мәселелері.Қазіргі мүмкіндіктер.Болашақ стратегиялары»тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында үздік мақала ұсынғаны үшін Алғыс хат;
2022 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Білім берудің оқу – әдістемелік орталығы» КММ, «Оқытудың кредиттік – модульдік технологиясын қолданудың негізгі бағыттары мен ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинарда «Сабақ құрылымы барысында сандық дидактиканы қолдану» тақырыбындағы шеберлік сыныбы;
2022 жылы «Гүлдене бер Қазақстан!» VII Республикалық туристік-өлкетану-экологиялық зерттеу жұмыстарының байқауында студент Базарбаева Айдана Сертификат;
2022 жылы «Кәсіби мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері: Қазіргі мүмкіндіктер.Болашақ стратегиялары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Аманжолова У ІІ орын;
2022 жылы «Кәсіби мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері: Қазіргі мүмкіндіктер.Болашақ стратегиялары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Изтурганова Ж І орын;
2022 жылы Маңғыстау облысының білім басқармасы, «Білім берудің оқу – әдістемелік орталығы» КММ, Жаңаөзен полтехникалық колледжі. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы академиялық дербестікті ескере отырып, білім беру процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы облыстық семинар – практикумға қатысқаны үшін Сертификат;
2022 жылы «Білім:Дәстүрлер мен инновациялар» атты колледж білім алушылары арасында халықаралық қатысумен ІІІ ғылыми-практикалық конференциясында студент Аманжолова У,Сертификат;
2022 жылы «Білім:Дәстүрлер мен инновациялар» атты колледж білім алушылары арасында халықаралық қатысумен ІІІ ғылыми-практикалық конференциясында студент Изтурганова Ж,Сертификат;
2022 жылы «Білім:Дәстүрлер мен инновациялар» атты колледж білім алушылары арасында халықаралық қатысумен ІІІ ғылыми-практикалық конференциясында студент қатыстырғаны үшін Сертификат;
2022 жылы «Студенттердің ғылыми қауымдастығы:пәнаралық зерттеулер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқандығы үшін студент Кенжебекова Қ сертификат;
2022 жылы «Студенттердің ғылыми қауымдастығы:пәнаралық зерттеулер» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға студент қатыстырғаны үшін сертификат;
2024 жылы «WorldSkills Aktau-2024» IX өңірлік кәсіби шеберлік чемпионатында «Үздік маман» номинациясымен Бухарбаев Жахан диплом;
2025 жылы «Маңғыстау өңірінде туристік Project ұйысдастыру және жүзеге асыру» хахатон облыстық жобалар байқауында «Үздік жоба» дипломымен студенттері Бозабаев Ануарбек,Мұратов Нурбек,Бақыт А.
2025 жылы Алматы қаласының білім басқармасы КМКК «№2Алматы гуманитарлық-педагогикалық колледжі»ұйымдастыруымен «NextGen Teacher:шекарасыз білім» халықаралық салалық байқауыныңиқатысушысы Сертификат Хожашев Канат;









